Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 сәуір 2025

122

Жаңалықтар

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ

«Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен Сыздықов Ардақ Абай облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында өңірдегі шұжық цехтары, құс фабрикалары, қоғамдық тамақтану орындары, ет дүкендері, кондитерлік цехтар тексерілуде.

Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарына сәйкестігі мұқият зерделенді. Тексеру кезінде өндіріс процесіндегі тазалық, шикізаттың шығу тегі, қызметкерлердің гигиеналық жағдайы, өнімнің сақтау және тасымалдау шарттары назарға алынды. Сонымен қатар, халал өнім өндіруге қажетті құжаттар мен сертификаттардың толық болуы қадағаланды.

Нұрбек Қанатұлы мен Ардақ Сыздықов әр кәсіпорын өкіліне халал стандарт талаптарын түсіндіріп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Кәсіпкерлер тарапынан халал стандарттарға қызығушылық жоғары, бұл өз кезегінде өңірде халал индустриясының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Аудит жұмыстары аймақтық өкілдіктермен бірлесе отырып, алдағы уақытта да жалғасын табады.



Бөлісу: