Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қыркүйек 2024

490

Жаңалықтар

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Абай облысындағы бірқатар кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлы мен жергілікті өкіл Ардақ Сыздықов орындады.

«Абай облысындағы іс-сапар барысында «Arai east food», «Адал ас», «The Папа», «One Palau», «Aq-Niet», «Saikan Agro», «Happy cake», «Damdi fast food», «Маки-маки Семей», «Nango», «Сладкая жизнь» кәсіпорындарында айлық аудит жүргізіліп, өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы қадағаланды. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізіліп, шариғат талаптары түсіндірілді», – деген маманымыз өңірде жүргізілген тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін хабарлады. Сонымен қатар, «Sheker» шәйханасына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

Бөлісу: