
"Абылкасымов" шұжық цехы тексерілді
«Халал Даму» мамандарының қатысуымен Алматы қаласындағы «Абылкасымов» шұжық цехына кезекті аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев орындады. Аудит кезінде «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Бақылаушы мамандар тарапынан ешқандай ескерту жасалынбады.  