"ADS Group" қасапханасы тексерілді
Шымкент қаласындағы Парсы шығанағы елдеріне ет экспорттаушы "ADS Group" қасапханасында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер Сарыбаев Қазбек орындады.
"ADS Group" сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген қасапхана. Малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген жөн. Сондықтан экспортқа ет шығаратын қасапханаларды ұқыптылықпен мұқият тексерген жөн. Бүгінгі тексеріс барысында "ADS Group" қасапханасына мал бауыздау және ет өнімдерін өңдеу, өндіру, сақтау және тасымалдау обьектілерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын стандарт талаптары бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді", – деген Айбек Асқарбекұлы сертификаттау шаралары әлі де аяқталмағагдығын жеткізді.