Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 желтоқсан 2020

324

Жаңалықтар

«Aidyn Nury Et» шұжықтары тексерілді

**«Aidyn Nury Et» сауда белгісімен шұжық өнімдерін өндіруші «Сатыбалды» шұжық цехында цехында аудит жұмысы жүргізілді.** Тұтынушылар тарапынан «Aidyn Nury Et» шұжықтарына қатысты түскен арыз-шағымдардан *(шұжықтардан тауық жүні, қауырсыны табылуы)*кейін Алматы қаласында орналасқан «Сатыбалды» шұжық цехында кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары орындалды. Тексеріс жұмыстары «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының бақылауымен жүргізілді. Бақылау-қадағалау барысында «Aidyn Nury» шұжық өнімдері өндірісінде «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Шұжықтардан, өндіріс құрылғыларынан құс қауырсындары мен тазалық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер табылмады. «ҚМДБ халал» стандарт талаптары мен санитарлық тазалық толықтай сақталған. Бақылаушылар тарапынан ескерту жасалынбады. «Aidyn Nury Et» шұжық өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 16.09.2021 жылға дейін жарамды екенін айта кеткен жөн.

![WhatsApp Image 2020-12-22 at 13.19.31.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/1c1/555/5fe1c15551968337932492.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-22 at 13.19.30.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/1c1/5b2/5fe1c15b2d397503049625.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-22 at 13.19.30 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/1c1/6be/5fe1c16bea79b324082538.jpeg)

Бөлісу: