Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қыркүйек 2020

260

Жаңалықтар

"Aiser" құс фабрикасы сертификатталды

***ОТАНДЫҚ ТАҒЫ БІР ІРІ ҚҰС ФАБРИКАСЫ «ҚМДБ ХАЛАЛ» ӨНІМДЕРІ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ** "Aiser" құс фабрикасы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды. «Халал Даму» мамандары Айжан Омарова, Сафиев Данияр, жергілікті бақылаушы Ордыбай Мұхаммед құс фабрикасына барып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Жақында ғана іске қосылған құс фабрикасында 4 қасапшы кезекпен жұмыс жасайды. Тәулігіне 650000 мың құс сойылып, еті өңделуде. Мамандар тарапынан жүргізілген аудит жұмысының оң нәтижесінен кейін, «Otan Green кәсіпорнының “Aiser” сауда белгісімен шығарылатын құс өнімдері «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сәйкес деп танылып, «ҚМДБ Халал» сертификатына ие болды.️ «Aiser» құс өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі - 21.09.2020-20.09.2021 ж Мекен-жайы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тиірмен ауылы, Квартал көшесі, 51* ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 22.59.54 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/95a/190/5f795a19070bc331925195.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 22.59.55.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/95a/244/5f795a244ec12285814905.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 22.59.55 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/95a/6c7/5f795a6c7f85c255960807.jpeg)

Бөлісу: