Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 наурыз 2021

88

Жаңалықтар

СЕМИНАР: "ӘЙЕЛ – ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ"

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында "Халал Даму" мамандарының ұйымдастыруымен "Әйел – отбасының берекесі" семинары өткізілді. Онлайн және офлайн форматта өткізілген семинарда ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әйел-қыздар секторының өкілі, "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева, "Халал Дамудың" бас-сарапшы технологы Айжан Омарова, сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы, технолог Айзат Сатаева дәріс жүргізді. Білікті де білімді, өз кәсібінің шеберлерінң басын қосқан дәріске еліміздің 19 өңірі бойынша мешіт жамағаттары, әйел ұстаздар мен өңір бойынша халалға қызығушылық танытқан барша тұтынушылар қатысуға мүмкіндік алды. Отбасының ұйытқысы, ошақтың отын сөндірмей, үйдің берекесін келтіретін әйел затына артылған сауапты да жауапты іс. Отағасының маңдай терімен тапқан ас-ауқаты мен дүние-мүлкін, қаражатын орнымен жұмсап, адал іске үйлестіре жарату – әйел адамның міндеті. Осы орайда үйге әкелетін азық пен дастарған қойылатын тағамнан бастап, балалары мен жұбайының, келген қонағына дейін адал ас ұсыну үшін әйел адамға халал жөнінде аз да болса білім керек. Еліміздегі күллі мұсылмандар мен қарапайым әйел тұтынушыларға пайдалы білім беру мақсатымен ұйымдастырылған семинарда халал өнімдер технологиясы, Е тағамдық қоспалар, халал медицина, дәрі-дәрмек, халал диета төңірегінде сөз қозғалды. Келе жатқан қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған семинар алдағы уақытта марафон үлгісінде жалғасатын болады. ![WhatsApp Image 2021-03-30 at 12.56.29.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/2cc/287/6062cc2879e17052159093.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-29 at 13.13.30 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/2cc/2bb/6062cc2bba402390956967.jpeg)

Бөлісу: