Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қазан 2020

398

Жаңалықтар

"Айша" сүт және шұжық өнімдері сертификатталды

Семей қаласының кәсіпкері Марат Қалиқанұлы басқарып отырған «ҚАЛИҚАНҰЛЫ» шаруа қожалығының «Айша» сауда белгісімен танымал болған шұжық  және сүт өнімдері,қасапшылары «ҚМДБ халал» сертификаты мен куәлігіне ие болды. Сертификатты Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов табыстап, өңірде халал өнімдерді дамытуға үлес қосып жатқаны үшін «Қалханұлы» шаруа қожалығына алғысын білдірді. Жергілікті инспектор-контролер Серікқали Бейсенұлы өндіріс орнында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өткізді. "Қалиханұлы" кәсіпорны «Айша» сауда белгісімен сүт, айран, май, қаймақ, құрт, ірімшік өнімдері мен 23 түрлі шұжық шығарады. "Айша" өнімдері «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талапары бойынша сертификатталды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі: 12.08.2020-11.08.2021 ![WhatsApp Image 2020-10-10 at 13.37.28.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2c6/c58/5f82c6c58b0fd148531243.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-10 at 13.37.29.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2c6/d15/5f82c6d154712245159852.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-10 at 13.37.30.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2c6/df8/5f82c6df8649b683843439.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-10 at 13.37.29 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2c6/e90/5f82c6e90b48c628502414.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-10 at 13.37.37.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2c7/021/5f82c7021a7d3227223043.jpeg)

Бөлісу: