"Al Shifa Life" емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды
**«Al Shifa» сауда белгісімен шығарылатын, емдік шөптер негізінде дайындалған профилактикалық өнімдер «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Жергілікті өкіл Маратхан Чадаев пен технолог мамандардың бірлескен жұмысы нәтижесінен соң «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «ҚМДБ халал» куәлігі табысталды.** Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен хадистер мен Құран аяттарына сүйене отырып, Ислам медицинасы негізінде жасалған «Al shifa» емдік өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды. «Al shifa» сауда белгісімен шығарылатын «Қара зере», «Кыст-аль Хинди», «Имбирь», «Хильба дәндері», Қара зере ұнтағы мен бал қосылған жеміс-жидектер, «Зәм-зәм» суына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі 08.12.2020-07.12.2021 Қандай да бір ауру-сырқаттан Алла Тағала рұқсат еткен амалдармен оның емін, шипасын іздеу керектігі жайлы ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде көптеп айтылады. Абу Саида аль-Худриден келген риуаятта Аллаһ елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Аллаһ Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді» (имам Ибн Маджа). Ауруға шипа болатын, халал емдік дәрілеріміз көп болғай! ![WhatsApp Image 2021-02-10 at 12.11.33.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/4ed/e30/6024ede300cc0755485817.jpeg) ![5fd6f700a6a35565366064.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/4ee/12a/6024ee12a5de8899752825.jpg) ![WhatsApp Image 2021-02-11 at 14.43.52.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/4ee/a29/6024eea29c3cb564327411.jpeg)