Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 қазан 2020

88

Жаңалықтар

"Алатау құс" фабрикасы сертификат жаңартты

Алматы қаласында орналасқан ірі құс фабрикаларының бірі – «Алатау-құс» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай табыстады. ️Жергілікті жауапты өкіл Чадаев Маратхан кәсіпорын аумағында тиісті инспекциялық бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, мекеме қызметкерлеріне оқу-семинар шараларын өткізді. «Алатау-құс» кәсіпорны 100 түрлі сауда белгімен құс еті өнімдерін, шұжық және жартылай дайын өнімдер (полуфабрикат) өндіреді. Құс фабрикасы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. «Алатау-құс» кәсіпорнына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 1.10.2020-30.09.2021 мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: