Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 наурыз 2021

100

Жаңалықтар

Алматы.: "Адал ас – ардың ісі" семинар

**Алматы қаласы имамдарына "Адал ас – ардың ісі" оқу-семинары өткізілді. "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Чадаев Маратханның ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы сегіз аудан имамдарына наурыз айының 15-19 аралығында төрт күнге жоспарланған оқу-семинары басталды.** "Халал – барша мұсылмандардың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер шеңберін қамтитын тек Ислам дініне тән ұғым.Оның бір саласы мұсылман жұртшылығының ас-ауқат, тағамына қатысты. Қасиетті Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Біз ризықтандырған тағамдарды жеңдер. Алла тағалаға шүкіршілік етіңдер. Оған ғана құлшылық етіңдер», («Бақара» сүресі, 172-аят), – делінген. Бүгінде бүкіл әлем бойынша халал өндірісі ерекше қарқынмен дамуда. Азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, парфюмерия мен фармакология және т.б. салалар да халал өндірісіне айрықша ден қоюда.Сайып келгенде, мұсылман адамның өмірі халалдың мәні мен мазмұнымен тамырласып жатыр. Демек, халал ұғымының өзі тұтас бір индустрия, белді ғылым деген сөз",– деп халалдың аясын тереңірек түсіндірді. Семинар барысында стандарттау және сертификаттауға қойылатын талаптар мен ерекшеліктер, халал өндіріс технологиясы, тағамдық қоспалар, бақылау-қадағалау шараларының өткізілуі секілді мәселелер талқыланып, имамдар сұрақтарына жауап берілді. ![WhatsApp Image 2021-03-15 at 17.22.39.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/f45/bcd/604f45bcd7ef6405444237.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-15 at 17.22.41.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/f45/c72/604f45c724826364382378.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-15 at 17.22.41 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/f45/d18/604f45d18193e538374448.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-15 at 17.22.42.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/f45/d9e/604f45d9eaa38671828244.jpeg)

Бөлісу: