Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қазан 2024

179

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: ЕТ ДҮКЕНДЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» технологтары Нұрбек Қанатұлы, Әселхан Сәбитқызы, Жансая Шалқарқызы Алматы қаласындағы ет дүкендерінде айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит барысында мамандар ет өнімдерінің сақталу шарттарын, санитарлық-гигиеналық жағдайларын және қаптамасының стандарт талаптарына сай болуын қадағалады.

Сонымен қатар, тұтынушылардың сенімін арттыру үшін ет дүкендерінде тазалық пен өнім сапасының маңызды екенін атап өтіп, кәсіпкерлерге халал стандарты талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында семинар өткізді.

Бөлісу: