Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 наурыз 2021

116

Жаңалықтар

Алматы обл.: "Адалдық – ардың ісі" семинар

Адалдық – ардың ісі,шариғаттың талабы, өмір сүру салты. Халал – имандылық пен ізгіліктің, құлшылықтың бастауы. Ел экономикасын дамытушы негізгі салалардың бірі. Осы секілді халалдың маңыздылығын түсіндіру мақсатында "Халал Дамудың" өңірлік жауапты өкілдері өз аймақтарында тұтынушылар мен жергілікті кәсіпкерлерге, мешіт имамдарына арналған оқу-семинар шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. "Халал Дамудың" Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл Алматы облысы, Жамбыл ауданы, "Шынасыл" мешіті имамдары мен ұстаздарына арналған "Адалдық – ардың ісі" тақырыбындағы кезекті дәрісін өткізді. "Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Жамағатқа, жалпы тұтынушыларға шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызын,талабын түсіндіру сіз бен біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың терең біліміміз бен түсінігіміздің болуы шарт", – деген Жанәбіл Жұмабеков имамдар мен мешіт ұстаздарына халал тақырыбын тереңнен түсіндіріп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде халал тақырыбындағы онлайн және офлайн дәрістер үздіксіз өткізіліп тұрады. ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 21.16.41.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/b63/824/604b63824e837515261550.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 21.16.38.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/b63/683/604b6368361d5579635819.jpeg)

Бөлісу: