.jpeg)
АЛМАТЫ ОБЛ.: ЖАМАҒАТҚА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, «2-ші мешіт» жамағатына семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.
Семинар барысында Жанәбіл Жұмабеков жамағатқа халал өнімнің маңызы, халал стандартының талаптары және «Халал Даму» мекемесінің қызметі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларға халал және харам ұғымдарының аражігі, халал сертификаттаудың кезеңдері, сондай-ақ күнделікті тұтынатын тағамдардың құрамына назар аудару қажеттігі жөнінде нақты мысалдармен жеткізді.
Жиын соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді. Қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, осындай игі шаралардың жиі ұйымдастырылуын сұрады.