Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 наурыз 2021

72

Жаңалықтар

Алматы обл.: Жамағатқа семинар өткізілді

**Адалдық – ардың ісі,шариғаттың талабы, өмір сүру салты. Халал – имандылық пен ізгіліктің, құлшылықтың бастауы. Ел экономикасын дамытушы негізгі салалардың бірі. Осы секілді халалдың маңыздылығын түсіндіру мақсатында “Халал Дамудың”Алматы өңірінің жауапты өкілі және бақылаушы инспекторлар өз аймақтарында жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарына насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.** “Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Жамағатқа, жалпы тұтынушыларға шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызын,талабын түсіндіру сіз бен біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың терең біліміміз бен түсінігіміздің болуы шарт”, – деген Жанәбіл Жұмабеков кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарына тереңнен түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына тұщымды жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде халал тақырыбындағы онлайн және офлайн дәрістер үздіксіз өткізіліп тұрады. ![IMG-20210126-WA0148-768x432.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/1ce/bd4/6051cebd450f1886675171.jpg) ![WhatsApp Image 2021-03-16 at 12.18.53.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/1ce/f95/6051cef95f210458584815.jpeg)

Бөлісу: