Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қазан 2022

77

Жаңалықтар

Алматы облысында семинар шаралары үздіксіз жүргізілуде

Алматы облысы, Талғар ауданы, «Гүлдала» ауылдық мешіті мен «Жұлдыз» базарындағы «Айршир» қасапханасында жергілікті өкіл Жанәбіл Жұмабеков халал турасында семинар өткізді. Сонымен қатар, семинар барысында «Мейржачная» шұжық цехына сертификат табысталды.

Жергілікті маманның бастамасымен Алматы облысының түпкір-түпкірінде ақпараттық үгіт-насихат шаралары мен біліктілікті арттыру бағытындағы семинарлар үздіксіз ұйымдастырылуда. Нәтижесінде бүгінгі семинар соңында сегіз қасапшы «Қасапшы куәлігін» алуға ниет білдірді.

Бөлісу: