Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қыркүйек 2025

10

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: 3 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы қаласындағы «Bahandi» және «Gippo» фаст-фуд өнімдерін өндіруші кәсіпорындарының сертификаттары жаңартылды. Сонымен қатар, «Береке Тағам.kz» өндірісінің жартылай фабрикаттары да «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстап, жұмыстарына табыс пен береке тіледі.

Шара барысында кәсіпорын басшылары өнімдерінің сапасы мен халал талаптарына сай болуын басты назарда ұстайтындықтарын атап өтті. Олар тұтынушыларға адал әрі қауіпсіз тағам ұсыну – басты міндет екендігін жеткізді.

Халал сертификаты кәсіпорындарға тұтынушылар сенімін арттыруға, сонымен қатар нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

«Халал Даму» мамандары тарапынан өндіріс орындарына алдағы уақытта да жүйелі түрде инспекциялық бақылаулар жүргізіліп, халал талаптарының сақталуы қадағаланады.

Бөлісу: