АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖАЛҒАСУДА
"Халал Даму" ұйымының өзге сертификаттау органдарынан ерекшелігінің бірі – әр ай сайын кезекті бақылау-қадағалау шараларының тұрақты түрде жүргізілуі. Басшылық пен технологтардың Алматы облысындағы іссапары барысында, жергілікті инспектор-контролерлардың қатысуымен бірқатар өндіріс орындары кезекті ревизорлық қадағалаудан өткізілді. Атап айтқанда, "Global retail", "Meat processing service" қасапханалары, "Kargaly Foods" мұздатылған жартылай дайын өнімдер өндіруші кәсіпорны, "Maki-Maki" фаст-фуд дәмханасы.
Тексеріс қорытындысына сәйкес, бірқатар кәсіпорын өндірісі бекітілген талаптарды сақтай отырып өнім өндіріп, қызмет көрсететіндігіне көз жеткізілсе, кейбір өндіріс орындарына ескерту жасалынды. Алдағы уақытта ескертулер бойынша түзету жұмыстарының орындалуын бақылау үшін қайта тексеріс шаралары жүргізілетін болады.



