Алматы облысындағы кәсіпорындар тексерілді
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы облысына бағытталған іс сапары барысында өңірдегі бірқатар халал кәсіпорындар өндірісі мен қызметі қадағаланды. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Жанәбіл Жұмабеков те қатысты.
«Аудит аясында Қаскелең қалалық «Пищера» асханасы, Ұзынағаш ауылындағы «Лағман орталығы» секілді бірқатар өндіріс орындары қадағаланды. Кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит жоғары деңгейде өтті. Кейбір кәсіпорындарға қатаң ескерту жасалынса, кей кәсіпорындардың халал стандарты талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық» – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.