Алматы қ.: өңірлік бақылаушылар бас қосты
***«Халал Даму» ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан қала аудандарының жауапты бақылаушыларымен кездесу өткізді.** Келелі басқосуда жауапты өкіл Чадаев Маратхан: «Алматы қаласы – ҚМДБ-ның халал сертификатын ең көп алған аймақ. Осыған орай, қаладағы халал сертикат алған мекемелер мен өндіріс орындарын ай сайын тексеріп тұру қажет. Бұл істе аудандардың жауапты бақылаушыларының орны ерекше», – деп күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жиын соңында ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына орай, қалада ҚМДБ-ның халал стандарты бойынша жұмыс істейтін өндіріс орындарының санын көбейтуге баса назар аудару керектігі айтылды.*