АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: "ГИППОКРАТ" ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Даму" мамандарының Алматы қаласындағы іс-сапары барысында "Гиппократ" дезинфекциялық өнім өндіруші кәсіпорында ревизиялық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог маман Сатаева Айзат орындады.
"Гиппократ» - 30 түрлі антисептикалық, стерильді, дезинфекциялық өнім дайындайтын ірі компания. Күніне 24 тонна дезинфекциялық өнім өндіруге қауқарлы. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы», «Қорғаныс министрлігінің негізгі әскери клиникалық госпитальі», «Алматы қаласының дезинфекциялық станциясы», Нұр-Сұлтан қаласының перинатальдық орталықтары секілді 1500-ге жуық емханалар мен өзге де мекемелерді дезинфекциялық өнімдермен қамтамасыз етуде. Кәсіпорында жүргізілген тексеріс нәтижесі оң", –деген Айзат Сатаева "Гиппократ" кәсіпорнының өндірісі мен дайын өнімдері бекітілген талаптарға сай екендігін жеткізді.


