Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2021

89

Жаңалықтар

"RAQMET" шұжықтары сертификатталды

**«RAQMET» кәсіпорнының «Raqmet» сауда белгісімен шығарылатын шұжық өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** «Докторская», «Молочная», «Чайная», «Спортивная», «Говяжья», «Батырская», «Сервелат», «Казахская», «Тойская», «Сосиски», «Сардельки» деген 11 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. > «Соңғы кездері әлеуметтік желіде вайнер, блогерлер өзге де жеке тұлғалар тарапынан «шұжық өнімдерін» шығару белең алғаны белгілі. Бұл қуанарлық та, алаңдайтын да жағдай. Қуанатынымыз – халал шұжық санының артуы, алаңдайтынымыз – заңсыз пайдаланушылардың көбеюі. Әсіресе, ел алдында жүрген азды-көпті беделі бар кез-келген азамат «ҚМДБ халал» таңбасын сату құралы емес, сенім мен адалдыңтың таңбасы деп түсінуі қажет. Халалдың маңыздылығын ұғынып, тұтынушыларға адал ас ұсынуға қосқан үлестеріңізге алғыс бірдіремін», – деген Айбек Асқарбекұлы «Raqmet» шұжығын өндіруші ел азаматтарына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. Өз кезегінде, «Raqmet» кәсіпорны иелері «Халал Даму» мамандарына ризашылығын білдіріп, халалға адал қызмет етуге уәде берді. ![WhatsApp Image 2021-02-21 at 11.37.37.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/252/990/6032529907a45951898159.jpeg)

Бөлісу: