Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 мамыр 2021

45

Жаңалықтар

АҚМОЛА ОБЛ.:"KAZBEEF PROCESSING" ҚАСАПХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Ақмола облысында орналасқан "KAZBEEF PROCESSING"  қасапханасында "Халал Даму" мамандары тарапынан кезекті айлық тексеріс жүргізілді . Бақылау-қадағалау шараларын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев өткізді.

"Қазақстан аграрлы мемлекет болғанымен елдің ішкі нарығын ауыл шаруашылығы өнімімен толықтай қамтиды деп айта алмаймыз. Сол себепті, өндіріс көлемін ұлғайтуға ғана емес, мал шаруашылығы өнімдерін тиімді пайдалану  мен өнімділігін арттыруға да көбірек көңіл бөлінуде. Ішкі нарықтағы еттердің халал, таза, сапасы сын көтеретіндей, адам денсаулығына зиянсыз болуын да қадағалау қажет. Қадағалайтын органдардың бірі ретінде бүгін кезекті тексеріс шараларын  "KAZBEEF PROCESSING"  қасапханасында жүргіздік.  Қасапхананың "Мал бауыздау жәнге ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарын" сақтай отырып, өнім өндіріп, қызмет көрсететіндігіне көз жеткізілді. Шариғат және стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдейтін "KAZBEEF PROCESSING"  секілді қасапханалардың өнімін еш күмәнсіз тұтынуға болады. Себебі, бұндай қасапханалар мен ет өңдеу орындарын шариғат мамандары мен кәсіби технологтар тарапынан қадағаланады", – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Технолог, ветеринар маман Данияр Сафиевтің айтуынша, "Ықылым заманнан бері бабаларымыздан бізге жеткен мал сою технологиясының сақталынуы еттің сапасы мен дәміне әсер ететіні ғылыммен дәлелденді. Ауырып, шаршап, тіпті қорыққаннан малдардың ағзасында күйзелістік (стресс) гормондар бөлініп, етінің сапасы мен дәміне кері әсер етеді. Сондықтан қазақтардың мал сою әдістері малды қорқытпай, қинамай, шариғатқа сай союға негізделген.  Аяқтары тұсалған малды құбылаға қаратып, бисмилләсін айтып, бауыздап, қанының түк қалмай ағып кетуіне мән берген. Біз де сертификаттаудан өткен қасапханалар мен қасапшыларға малды ата-бабамыздан қалған  әдет-ғұрып, шариғат және халал стандарт талаптарына сай бауыздау, өңдеу, тасымалдау, сақтау және сатуды үйретеміз. Бүгінгі тексерістен өткізілген "KAZBEEF PROCESSING"  қасапханасы да осы айтылғандарға сай жұмыс істейді. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Қасапхана қызметі мен өнімдері бекітілген талаптарға толықтай сай".

Бөлісу: