
Ақмола: Қоғамдық тамақтану орындары тексерілді
***Ақмола облысы бойынша «ҚМДБ халал» сертификатын алған қоғамдық тамақтану орындарына бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді.** Аудит шараларына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, ветеринария ісінің маманы Сафиев Данияр, технолог Арайгүл Бақытқызы, жергілікті инспектор-контролер Науан Муталов қатысты. Тексеріс барысында «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған: 1 «Istanbul bakery» @istanbul_bakery_kokshe 2 «Firdausi» @firdausi_plovcenter 3 «Урумчи» @urimshi_kafe дәмханаларының халал стандарт талаптарын бойынша жұмыс жасауы қадағаланды. «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдауға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді.*   