Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 қаңтар 2021

62

Жаңалықтар

Ақтөбе: "Адал" кафесі сертификатталды

**Еліміздің батыс өңірі Ақтөбе қаласында орналасқан «Адал» кафесі «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалар технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, қажетті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізілді. Рұқсат етілмеген, күмәнді азық-түліктер мен қоспалар қолданыстан алынды. "Халал Даму" мамандарымен бірлесе жүргізілген жұмыс нәтижелерінен соң, «Адал» кафесі «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. "Халал Дамудың" Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Абдусалимов пен бас технолог Айжан Омарова "Адал" кафесі қызметкерлеріне оқу-семинар өткізіп, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «Адал» кафесіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 13.10.2020-12.10.2021 Халал, табиғи таза әрі дәмді, тез дайындалатын донерден дәм татқыңыз келсе, Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі, 13 үй мекен-жайына келіңіз! ![5faa76082154b567442734.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/010/3fd/6000103fdb24a554825230.jpg)

Бөлісу: