АҚТӨБЕ: "ХАЛАЛ НҰР" ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы "Альжанов"кәсіпорнының мұздатылған жартылай дайын өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Дамудың" Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Абдусаламов табыстады.
"Халал Нұр" сауда белгісімен шығарылатын өнімдер "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Ақтөбе қаласындағы іссапар барысында "Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарова мен инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов кәсіпорынның өндіріс аумағында ревизорлық бақылау шараларын жүргізіп, қызметкерлерге дініміздегі халалдың маңызы, халал өнімдер технологиясы төңірегінде оқу-семинар шараларын жүргізді.
"Халал Нұр" мұздатылған жартылай дайын өнімдерінің толықтай тексерістен өткендігін және "Халал Даму" бекіткен халал стандарт талаптарына сай екендігін хабарлаймыз. Кәсіпорынға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 1.06.2021-31.05.2022 ж