Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 маусым 2021

119

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ ОБЛ.: "КІШІ ЖҮЗ" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы "Сатыбалдиева А" кәсіпкерлігіне тиесілі "Кіші жүз" ет дүкені "QMDB halal" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Айжан Омарова мен  Ақтөбе өңірі бойынша жауапты инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов табыстады.

Мамандар тарапынан ревизорлық бақылау шаралары жүргізіліп, ет дүкені қызметі мен өндірісінің, дайын өнімінің бекітілген "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай" екендігіне көз жеткізілді.

"Кіші жүз" ет орталығының "Халал Даму" мамандары тарапынан толықтай тексерілгендігін және бекітілген стандарт әрі шариғат талаптарына сай екендігін хабарлаймыз! Халал әрі, қол жетімді ет өнімдерін Ақтөбе қаласы, 12-шағын ауданы, 51 А мекен-жайынан ала аласыздар!

Бөлісу: