АҚТӨБЕ ОБЛ.: "РАМАЗАН" КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарованың Ақтөбе облысындағы іс сапары барысында "Рамазан" кәсіпорнында ревизорлық бақылау шаралары жүргізілді. Тексеріске жергілікті жауапты өкіл Жарасхан Абдусаламов та қатысты.
Цехта тәтті тоқаштардың 30-дан астам түрі дайындалады. Тәулігіне 4-5 тонна печенье шығаратын италияндық желі тынымсыз жұмыс істеп тұр. Автоматтандырылған қондырғы адам күшін көп қажет етпейді. 12 жұмысшы дайын өнімді қораптарға салып, көлікке тиеп береді. Печенье табиғи таза өнімдерден дайындалады. Комбинат құрамында ұн шығаратын цехы және құс фабрикасы, қасапханасы бар. Дайын өнімдер жақын маңдағы аудандарға, көршілес Маңғыстау, Атырау, Орал облыстарында жеткізіледі. Жылына 1650 тонна өнім шығаратын цехтың қуаттылығын арттырып, өнімнің түрлерін көбейту жоспарларында бар. Себебі табиғи,таза өнімге сұраныс артып келеді", – деген Айжан Қалмааханқызы "Рамазан" кәсіпорнында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп қана қоймай, қызметкерлерге халал тақырыбында оқу-семинар өткізілгендігін жеткізді.
Кәсіби мамандардың тыңғылықты жұмысы нәтижесінде "Рамазан"кәсіпорны "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталғанын хабарлаймыз!