Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қыркүйек 2020

27

Жаңалықтар

Ақтөбе: "Сүзбе" дәмханасы сертификатталды

***Аллаға шүкір, күн өткен сайын елімізде халал өнімдерге деген сұраныс артып келеді.** Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Сүзбе» ас жеткізу қызметіне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің сертификаты табысталды. Қасиетті жұма күні өткен салтанатты шараға Бас имам Төлеби қажы Оспан арнайы қатысып, халыққа халал өнім ұсынуға талпынған кәсіпкерге алғыс білдірді. Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов алдағы уақытта бұл дәмхананың халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады. Дәмхана Ақтөбе қаласындағы Әліби Жангалдин көшесі, 139 мекен-жайында орналасқан. Адал астан дәм татамын деуші Ақтөбе тұрғындары мен қонақтарын «Сүзбе» дәмханасына шақырамыз.* ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.31.35.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/8a1/ab0/5f78a1ab026b9403460939.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.31.35 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/8a1/ba6/5f78a1ba6aedf534741292.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.31.34.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/8a1/d51/5f78a1d517688849342459.jpeg) ⠀

Бөлісу: