ҚАРАҒАНДЫ: «ZIRA SHAFRAN» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Zira Shafran» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.
«Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров дәмхана аумағында толық аудит жүргізіп, кәсіпорын өнімдері мен қызмет көрсету процесінің халал талаптарына толық сәйкес екендігін дәлелдеді. Аудит барысында тағамдарды дайындау, шикізат сапасы, гигиена талаптарының сақталуы және қызмет көрсету тәртібі мұқият тексерілді. Барлық талаптар орындалған соң, дәмханаға ресми түрде «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

