Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қаңтар 2026

20

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА: «КӘУСАР» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қызылорда қаласында жақында ғана ашылған «Кәусар» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» куәлігіне ие болды.

«Халал Даму» ЖШС мамандары жүргізген толық тексеріс нәтижесінде «Кәусар» шәйханасы «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар» стандартына толық сәйкес келетіні расталды. Аудит барысында тағамдарды дайындау процесі, қолданылатын шикізат, гигиена және қызмет көрсету сапасы мұқият тексерілді. Барлық талаптар орындалған соң, кәсіпорынға ресми түрде «QMDB Halal» куәлігі табысталды.

Бөлісу: