СҚО: АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Аружан Аралбай мен Мақсат Аманжолов орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын халал талаптары тексерілді, гигиена мен қызмет көрсету сапасы бағаланды. Нәтижесінде барлық талаптарға сай кәсіпорындар халал стандарттарына сәйкес екендігі расталды, ал кемшіліктер анықталған кәсіпорындаға түзетуге ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, мамандар кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттары мен талаптарын тұрақты сақтау, өнімдердің сапасын бақылау және тұтынушыларға сенімді қызмет көрсету әдістері бойынша қосымша кеңестерін ұсынды.


