ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы қатысуымен Қарағандыдағы сертификатталған кәсіпорындарда кезекті айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Аудит барысында «Abay Agro» және «Тай» шұжық цехтары, «Нәтиже» сүт фабрикасы, «Dessert house» және «Hani» кондитерлік кәсіпорындары, «Раян», «Фирдаус» мейрамханалары тексерілді.
«Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, дүкен сөрелеріне жеткізуіне дейінгі барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Аталған мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптарын толықтай орындайтыны анықталды», - дейді Айбек Асқарбекұлы.