"Arqau" ет дүкені серттификатталды
**Елорда тұрғындарына қуанышты жаңалық – Нұр-Сұлтан қаласы тағы бір халал ет дүкенімен толықты. «ARQAU FOOD» кәсіпорнына тиесілі «Arqau» ет дүкені «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Мұсылмандар қара шаңырағына арнайы келген кәсіпкерге «ҚМДБ халал» сертификатын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. > «Ет – халық көп тұтынатын сұранысқа ие өнімдердің бірі. Халқының 70 % мұсылмандар құрайтын елімізде «халал ет» мәселесін түбегейлі шешу, тұтынушыларды таза, әрі халал, пайдалы ет өнімдерімен қамтамассыз ету – «Халал Дамудың» негізгі міндеттерінің бірі.Осы орайда халық көп шоғырланған өңірлерде ет дүкендері мен қасапханаларды, қасапшылар санын арттыру жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Халал индурстриясын дамытуға ат салысып, халал кәсіпорындар санын көбейтуге қосқан үлесіңізге Алла разы болсын! Алдағы уақытта сапалы әрі адал өніммен тұтынушыларды қуанта бересіз деп сенеміз», – деді Айбек Асқарбекұлы. Аталған кәсіпорын «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталды. «Arqau» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі 02.01.2021-01.02.2022