А.АСҚАРБЕКҰЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА
"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы "ХІІ халықаралық экономикалық саммит: Ресей – Ислам әлемі:KAZANSUMMIT 2021" аясында өткізілген "Халал сертификаттаушылардың халықаралық ассоцациясының ІІІ жиынына" қатысып, "Халал Даму" және халал тақырыбында баяндама оқыды.
"Саммит – Ресей Федерациясы мен Ислам әлемінің экономикасына ықпалына әсер етуші негізгі алаңдардың бірі. Аталған шара Ислам финансы мен серіктес банкинг, халал индустриясы, жастар диломатиясы, экспорт дамуы, кәсіпкерлік пен инвестиция мәселелерінін талқылау үшін шетел дипломаттары мен 15 елдің белді кәсіпкерлерінің басын қосты. Халықаралық саммитте қарастырылып отырған "халал" мәселесі – ел экономикасы мен Ислам әлемі үшін маңызды бағыттардың бірі десек қателеспейміз. Туралықтың жаршысы болатын құлшылықтың өзегін "халал" құрайды. Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастарды зерттеу ұйымының мәліметіне жүгінсек, бүгінгі таңда халал өнімді 122 мемлекетте өмір сүретін 1,5 миллиард адам тұтынады екен. 2005 жылы халал өнімнің жылдық айналымы 5 миллиард долларды құраса, соңғы жылдары 4 триллион долларға жеткен. Халал өнімді тұтынушылар сананың артуы мен сұраныстың көбеюі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан "Халал Даму" халал стандарттау және сертификаттау ұйымын құруға ықпал етті. Қазіргі таңда "QMDB HALAL" сертификатын алған 700-ден астам кәсіпорын бар. Оның ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Малайзия секілді шет елдік кәсіпорындар да "Халал Дамудан" сертификаттаудан өтті. Ресей аумағындағы: кондитерлік кәсіпорын «Собинский хлебокомбинат» , май өндірісімен айналысатын «Мамруко» кәсіпорны, «Объединение «Союзпищепром» жарма өндірісі "Халал Дамумен" серіктес кәсіпорындардың бірі ", – деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификаттау және стандарттауға қатысты өзекті мәселерді қозғап, қатысушылар назарына ұсынды.
Айта кетейік, ТМД елдері және Түркия, Араб елдері қатысып жатқан саммит пен халал индустриясы көрмесі 30 шілдеге дейін жалғасады.