А.Асқарбекұлы Малайзиялық баспасөзге сұхбат берді
**«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Малайзиялық «Malay Mail» баспасөзіне сұхбат берді. Халықтың 70% пайызын мұсылмандар құрайтын, Қазақстандағы халал индустриясының соңғы 10 жылдықдағы даму тенденциясына қызығушылық танытқан Малайзиялық басылым өкілдері «ҚМДБ халал» жұмысымен танысты.** > Өз сұхбатында Айбек Асқарбекұлы:* «Әр жыл сайын әлем бойынша азық-түлікке 22 млрд АҚШ доллары жұмсалады, ал оның 3 млрды халал индустриясы саласына кетеді екен. Қазақстанда да бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып, тіпті көршілес елдерді де халал өніммен қамту мүмкіндіге ие болдық. 2000 жылдармен салыстырғанда соңғы 10-20 жылда бірнеше жүздеген халал кәсіпорындар ашылып, қазіргі таңда «Халал Даму» бақылауында 400-ден астам компания бар. > Бірақ, Қазақстанның халал индустриясы ұзақмерзімді жетістікке жете алу үшін екі нәрсе орындалуы қажет: алдымен, кең көлемде инвестицияны тарту үшін сапалы экожүйемен қамтамасыз ету және секторды реттеу. Екіншіден, кеңейтілген нарықтың мүмкіндіктерін тереңірек түсініп, шет елмен бірлесе жұмыс жасауды қолға алу. > 2014 жылға дейін «халал» таңбасын берумен тәуелсіз органдар айналысып келді. Бұл – шариғатымызда мал бауыздау және халал өнім өндіруге негізделген стандарттың жоқтығын көрсеткендей болды. Сол себепті, 2014 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекет тарапынан қолдау тапқан «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды. > Отандық халал нарықты дамытып, нығайту мақсатында Малайзия елінің тәжірибесін негізге ала отырып, 2017 жылы аккредиттеуден өтуге ұсыныс білдірдік. Бір жыл өткеннен кейін JAKIM Исламды дамыту департаменті тарапынан жүргізілген аккредиттеу жұмыстарынан соң, әлемнің 49 еліне «ҚМДБ халал» таңбасымен өз өнімдерімізді еркін, кедергісіз экспорттауға мүмкіндік алдық»*, – деді. Сұхбат соңында, Қазақстан халал нарығының әлемдік аренаға дайын екендігін жеткізді.