Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 маусым 2022

53

Жаңалықтар

А.Асқарбекұлы Шымкенттегі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы Шымкент қаласына іс сапары барысында жергілікті "Ontustik" телеарнасының  "Таң нұры" бағдарламасы мен "Ontustik" радиосының "Имандылық иірімдері" бағдарламаларын сұхбат берді.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған "Халал Даму" ұйымының халал индустриясы саласында қызмет еткеніне 8 жылдан асты. Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылды. Еңбегіміз халық көңілінен шығып, ізгі бастаманың жаршысы болды. Әлі де даму үстіндеміз, дамуымызды тоқтатпаймыз. Шымкент қаласына ресми іссапар барысында жергілікті қасапханалардың Парсы шығанағы елдеріне ет экспорттау мәселелерін жүйелеп, сертификаттау шараларын жүргізудеміз. Бұл дегеніміз - "QMDB Halal" таңбасымен шығарылатын отандық өнімдердің халықаралық сауда нарығында кең сұранысқа ие екендігінің көрінісі", - деген Айбек Асқарбекұлы отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен "Халал Даму" стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.


Бөлісу: