Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қыркүйек 2024

118

Жаңалықтар

АТЫРАУ: ҚАСАПХАНАЛАР ЖҰМЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен халалдың Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ақылбек Амангелдиев өңірдегі қасапханаларда аудит жұмыстарын жүргізді.

«Аудит барысында қасапханалардағы халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді. Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында қасапханаларда халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.

Бөлісу: