Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 қыркүйек 2024

134

Жаңалықтар

АТЫРАУ: «АЗАМАТ ХАЛАЛ» ҚАСАПХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Атырау облысына іс-сапары барысында «Азамат халал» қасапханасында аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шарасына халалдың жергілікті өкілі Ақылбек Амангелдиев те қатысты.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген стандартқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді кезеңдерінде бекітілген талаптардың жүйелі жүзеге асуы ескерілді. Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.

Бөлісу: