Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 қаңтар 2026

53

Жаңалықтар

ХАЛАЛ САЛАСЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Раманқұлов Мақсат Аралбайұлының төрағалығымен халал индустриясын дамыту, халал саласын біріздендіру және оған қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Қазақстан стандарттау және метрология институты өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде халал өнімдерді сертификаттау жүйесін жетілдіру, өндіріс орындарында сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халал индустриясының экспорттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ тұтынушыларға ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиын барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, саладағы қиындықтар мен оны шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында қатысушылар тараптар Қазақстан Республикасында халал өнімдері мен қызметтерін стандарттау және сертификаттау мәселелерін реттейтін бірыңғай нормативтік құжатты әзірлеудің қажеттілігі мен өзектілігі жөнінде ортақ пікірге келді.



Бөлісу: