ЖАМБЫЛДАҒЫ КӘСПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Жамбыл облысындағы бірқатар кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Каусар», «Nanduk», «Pak sushi», «Nauat», «Al-Kausar», «Lanzhou», «Adal chicken», «ATA doner», «АПА doner», «Tary» дәмханалары және «Tatti mo» кондитерлік өндірісі. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне халал және харам турасында оқу-семинар өткізілді.
Аудит барысында тағам өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігі, ингредиенттердің дұрыстығы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және өндіріс процесіндегі қауіпсіздік шаралары қаралды. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне халал және харам тағамдар, олардың ерекшеліктері, таңбалау ережелері, және тұтынушыларға дұрыс ақпарат беру туралы оқу-семинарлар өткізілді.
Оқу-семинар барысында қызметкерлерге халал сертификаты бар өнімдерді ажырату жолдары, өндіріс орнында кросс-контаминацияның алдын алу әдістері, және тұтынушылар сұрақтарына жауап беру тәсілдері көрсетілді. Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындарға қажетті ұсыныстар беріліп, кейбірінде ішкі бақылауды күшейту бойынша нақты шаралар белгіленді.

