Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 қаңтар 2026

31

Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК МАМАНДАРМЕН АУДИТ

«Халал Даму» мамандарының республикалық семинары аясында өңірлік өкілдер мен технологтардың кәсіби тәжірибесін арттыру мақсатында Астана қаласындағы шұжық цехтары, қоғамдық тамақтану орындары мен кондитерлік цехтарда аудит жұмыстары жүргізілді. 

Аталған аудит барысында өндірістік процестердің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексеріліп, шикізат көздері, технологиялық үдерістер, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және құжаттамалардың жүргізілу тәртібі сараланды. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және стандарттарға сай жұмыс істеу бағытында әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Бұл іс-шара өңірлік мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, халал саласындағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға, тәжірибелік білім мен нақты жұмыс тәсілдерін ортаға салуға мүмкіндік берді. Аудит барысында өңірлік өкілдер мен технологтар кәсіпорындарда кездесетін практикалық жағдайларды тікелей көріп, халал стандарттарын енгізу мен сақтаудағы тиімді әдістерді меңгерді. Сонымен қатар, әр өңірдегі жұмыс ерекшеліктері, кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды. Мұндай тәжірибе алмасу халал талаптарын терең түсіну мен қолдануға жол ашып, өңірлер арасында бірыңғай жұмыс жүйесін қалыптастыруға негіз болады», – дейді «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: