Атырау: "Дастан" ет дүкені сертификатталды
**Атырау қаласында орналасқан "Дастан" ет дүкені "ҚМДБ Халал" сертификатын алды.** "Иманғали" мешітінде "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы "Дастан" мекемесі өкіліне сертификат табыс етілді. "Дастан" ет дүкені Атырау қаласы Жұмыскер көпірі маңы, Сатыбалдиев көшесі 30 орналасқан. "Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 1:2016 "Мал бауыздау және ет өңдеу", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі: 24.02.2022 ![WhatsApp Image 2021-03-03 at 19.44.15.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/6fc/5b5/6046fc5b55ffb673661459.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-03 at 19.44.42.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/6fc/688/6046fc688f10c211432812.jpeg) ҚМДБ-ң Атырау облысы баспасөз қызметі