Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2021

120

Жаңалықтар

Атырау: "Халил ұста" ет дүкендер желісі сертификат жаңартты

**“Иманғали” орталық мешітінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен “Халал Даму” мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлының қатысуымен “Халил Ұста” ұйымы өкілі Мубарис Кориковке сертификат табыс етілді.** Қазіргі таңда Атырауда “Халил Ұста” дүкендер желісінің үш нүктесі қызмет көрсетуде. Олар Сәтпаев, Махамбет көшелерінде, Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан. “Халал Даму” мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу”, 3:2016 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігі анықталды. Сертификат 01.02.2022 жылға дейін жарамды.

Бөлісу: