АТЫРАУ: "HAPPY CAKE" КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Еліміздегі ірі кондитерлік желілердің бірі – "Happy cake"-тің Атырау қаласындағы сауда нүктесі сертификатталды. "Адиетова" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі "Happy cake" кондитерлік өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. Сертификатты Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан мен "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Қайрат Аманжол табыстады.
Бас сарапшы технолог Айжан Омарова: "Happy cake" – құндылығы жоғары, ассортименті бай, құрамы таза, халал стандарты талаптарына толықтай сай кондитерлік өнімдер. Біздің тарапымыздан міндетті бақылау-қадағалдау шаралары орындалып, қажетті деп танылған шикізат көздері мен тағамдық қоспалары лабороториялық сынақтан өткізілді. Ревизорлық бақылау мен зерттеу шараларының оң нәтижесінен кейін сертификаттау жөнінде шешім қабылданды. Табиғилық пен адалдыққа негізделген "Happy cake" кондитерлік өнімдері өзіндік тәтті дәмі, жоғары сапа көрсеткіші, айрықша дайындау технологиясымен ерекшеленеді. Атырау облысы тұрғындары мен қонақтарына осындай халал кондитерлік өнімдерді ұсына алатынымызға қуаныштымыз", – деді.
Атырау қаласындағы "Happy cake" кондитерлік өнімдерінің толықтай тексерістен өткендігін және "QMDB HALAL" стандартына сай екендігін хабарлаймыз! Тіл үйірер тәтті өнімдерді Сырым Датұлы көшесі,11 мекен-жайынан ала аласыздар!