АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ «ҚМДБ ХАЛАЛ» ШҰЖЫҚ
**Атырау облысында орналасқан «Кулгазиева» кәсіпорнына тиесілі «Мако» сауда белгісімен шығарылатын шұжық өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** "Мако"шұжықтары Атырау өңіріндегі "ҚМДБ халал" сертификатына ие болған алғашқы шұжық цехы. Аталған кәсіпорын «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау,сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. «Халал Даму» мамандары «Кулгазиева» шұжық цехында аудит жұмыстарын жүргізіп, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары лабораториялық тексерістен өткізілді. Өндіріс барысында қолданатын барлық өнімдері таза, «ҚМДБ халал» талаптарына толықтай сай екендігін хабарлаймыз. «ҚМДБ халал» сертификатын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. «Мако» шұжық өнімдерінің алдағы уақытта ҚМДБ мамандарының жіті қадағалауында болатынын, міндетті бақылау шаралары жүргізіліп тұратындығы ескертілді. ![_48A4128.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/9e7/021/5fc9e7021e14d614807639.jpg) ![_48A4124.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/9e7/634/5fc9e76345c95426185681.jpg)