Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 сәуір 2021

65

Жаңалықтар

АТЫРАУ: "МЕВЛАНА" ЖӘНЕ "БІР ЖЕРДЕ" ДӘМХАНАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**Атырау қаласында орналасқан "Мевлана" және "Бір жерде" дәмханалары "ҚМДБ Халал" сертификатын алды.** "Иманғали" мешітінде "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы аталмыш мекемелердің өкіліне сертификат табыс етілді. "Мевлана" және "Бір жерде" дәмханалары Атырау қаласы Валиханов көшесінде орналасқан. "Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дәмханалар 2:2016 "Тамақтандыру қызметтері", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 17.03.2022 жылға дейін. ![WhatsApp Image 2021-04-01 at 11.09.35.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/6ac/a87/6066aca876be5192486400.jpeg) ![30258560052253873_24f4.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/6ae/3cc/6066ae3ccabe5409516238.jpg) ![WhatsApp Image 2021-04-02 at 11.43.26.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/6af/2f7/6066af2f78f01725723300.jpeg)

Бөлісу: