Атырауда “West Burger” дәмханасына халал сертификаты берілді
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы “West Burger” фаст-фуд өнімдері дәмханасы басшысы Сергей Поповқа ҚМДБ Халал сертификатын табыс етті.
“The Best Food” ЖШС қарасты “West Burger” дәмханасы Атырау қаласының Азаттык көшесі, 183 мекен-жайында орналасқан. “The Best Food” ЖШС халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды. Сертификаттың мерзімі 18.07.2023 дейін жарамды” делінген сертификатта. Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган. 2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.