Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 желтоқсан 2020

48

Жаңалықтар

Қазақ үнжариясында "Халал Даму"

**«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы отандық белді әуе толқындары «Qazaq» және «Shalqar» радиоларына сұхбат берді. Көзқарақты оқырман мен ас-ауқатының адалдығына алаңдатушылық танытқан тұтынушылардың сұрауы бойынша «Отандық халал индустриясының хал-ахуалы» төңірегендегі мәселелер және «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен жетістіктеріне тоқталып, сұрақтарға жауап берді.** > «Халал – Ислам дініне ғана тән, шариғатымызда бекітілген ұғым. Алайда, қазіргі таңда «халал» өнімді мұсылмандар ғана емес, өзге дін және ұлт өкілдері де тұтынып, адалдық таңбасына сеніммен қарайды. Халал өнімге сұраныстың артуымен халал индустриясының дамуы сапалы азық-түліктің өндірілуіне мүмкіндік береді. Осыдан 10-20 жыл бұрынғы халалдың жәй-күйін қазіргі әлеуетімен салыстыруға мүлдем келмейді. Себебі, тағам өндірісі мен ауылшаруашылық саласының дамуы нәтижесінде «Халал» таңбасы – өнімің сапа кепілдігін айқындайтын брендке айналды. > > Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал Даму» ұйымының халал индустриясы саласында қызмет еткеніне 7 жылдай уақыт болды. Аз ғана уақыт ішінде халал өнімді тұтынушылар мен жалпы халықтың көңілінен шығып, еліміздегі ең сенімді деген халал стандарттау және сертитфикаттау ұйымына айналды. > > Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, Қаситетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың «бренді» десек болады. Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Осы жолда, әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылды. Біздің еңбегіміз халық көңілінен шығып, ізгі бастаманың жаршысы болды деп айта аламыз. Біз әлі де даму үстіндеміз, дамуымызды тоқтатпаймыз. Бұдан да биік белестерді бағындырамыз деп сенемін» – деді А.Асқарбекұлы өз сұхбатында. ![WhatsApp Image 2020-12-04 at 18.21.12.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/f06/828/5fcf068288a71794232611.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-04 at 18.21.12 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/f08/330/5fcf08330fcff137590302.jpeg)

Бөлісу: