Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 қыркүйек 2020

50

Жаңалықтар

«Азия агро продукт» комбикорм өнімдері сертификатталды

***«Азия агро продукт» комбикорм өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** «ҚМДБ халал» сертификатын дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы табыстады. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев орындады. Комбикорм дегеніміз -белок, витамин, минералдарға бай жарма өнімдерінің қоспасынан жасалып, жануарларға берілетін жем-азық. «АзияАгроФуд» кәсіпорны «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі - 14.09.2020-13.09.2021ж Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай 1.*

Бөлісу: